Русия води позорна война срещу Украйна.     Бъдете с Украйна!
Споделяне
Размер на шрифта
Оригинален текст

Текст на „Қараторғай“

Құс болсаң жібектен бау тағар едім
Күмістен тұғырыңды жабар едім
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып
Қолға алып, сылап-сипап бағар едім
 
Салайын мен әніме
Қараторғай, Қараторғай
Хәләләку-лиләу хәләләку-лилә-лиләу
Ай-хоу, жаным-ай
Ай-хоу, қыздар-ай
 
Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл
Албырап екі бетің жанар гүл-гүл
Пейіштің гүл жамылған сарайында
Сайраған тотықұстай сен бір бұлбұл
 
Салайын мен әніме
Қараторғай, Қараторғай
Хәләләку-лиләу хәләләку-лилә-лиләу
Ай-хоу, жаным-ай
Ай-хоу, қыздар-ай
 

 

Преводи на „Қараторғай ...“
Mamer: 3-те най-преглеждани
Коментари