Erke Esmahan - KZ jigit (KZ жігіт)

Kazakh

KZ jigit (KZ жігіт)

Көрдім көрдім мен оны қиығымен көздің
Ойлы бойы еңселі қазақ екен сездім
 
Білмеймін оның атында жасында
Қай рудан қай маңнан
Бар ма сүйгені жоқ па қасында
Теңедім мен асылға
 
Ғашықпын мен қазақ ұлына
Жүрегінің тазалығына
Ғашықпын мен қазақ жігітке
Сенім берген нәзік үмітке
 
Қолын созып тұрса да өзге ұлт емес бағым
Қазақ жігіті ғана менің болашақ жарым
 
Бірақ білмеймін атында оның жасында
Қай рудан қай маңнан
Бар ма сүйгені жоқ па қасында
Теңедім мен асылға
 
Ғашықпын мен қазақ ұлына
Жүрегінің тазалығына
Ғашықпын мен қазақ жігітке
Сенім берген нәзік үмітке
 
Ғашықпын мен қазақ ұлына
Жүрегінің тазалығына
Ғашықпын мен қазақ жігітке
Сенім берген нәзік үмітке
 
Submitted by Himchan on Wed, 08/11/2017 - 17:34
Last edited by infiity13 on Sun, 19/11/2017 - 08:42
Thanks!thanked 10 times

 

Comments