As If It's Your Last [ As If It's Your Last (마지막처럼) ]

Kazakh translation

As If It's Your Last

Менің ойымда қалуға қалай дәтің барады?
Менің пәк мақтанышыма әсер етудесің, соған қобалжудамын
Бетім қызаруда, жүрегім лүпілдеуде,
Денем мені тыңдамайды, өзім таңғалудамын...
 
Құм секілді саусақтарымның арасынан шығудасың
Сені ұстай да алмаймын
Сен жай адам емессің, сондықтан саған тартыламын
Жүрегімнің мені тыңдамауы, өзімді де әлек етуде
 
Қазір сені қалаймын, менің демімді сез
Сені көргенде, сағынышым оянады
Қиын күндерде, мені жіберме
 
Жаным, мені ұста, әйтпесе мен жарылармын
Бұл туралы терең ойлауды, тоқтатшы
Бұның бәрі жалған, сен мені сүй
Мен сенің соңғы махаббатыңдай болайын
 
Соңғы реттей, сенің соңғы ретіңдей
Жаным, соңғы түніміздей
Соңғы реттей, сенің соңғы ретіңдей
Ертеңгі күн келмейтіндей
 
Саған ғашық болдым жаным
Мені устап алалмадың
Жаным саған бәрін беремін
Мені сұлуым деп ата енді
Қараға нүкте қой енді
Біз бәрін жыртамыз да,
Басқаға дем де жетпей
Мен саған Бони, ал сен маған Клайд
Құшақтаса бірге болсақ,
Ешқандай қамалда қалмаймыз
 
Уақыт тез өтіп, жүрегім сені күтуде
Менің өмірім сенің айналаңда, сені сағынып жүрмін мен
Қиын күндерде, мені жіберме
 
Жаным, мені ұста, әйтпесе мен жарылармын
Бұл туралы терең ойлауды, тоқтатшы
Бұның бәрі жалған, сен мені сүй
Мен сенің соңғы махаббатыңдай болайын
 
Соңғы реттей, сенің соңғы ретіңдей
Жаным, соңғы түніміздей
Соңғы реттей, сенің соңғы ретіңдей
Ертеңгі күн келмейтіндей
 
Бір, екі, үш, жаным, сенен жалықпаймын
Себебі мен саған өзгеше қараймын
Егер саған мен келіп, әлсіздікті көрсетіп
Бұл соңғы реттей алдыға қадам бас
 
BLACKPINK сенің алаңыңда
 
Submitted by Zhibek Park on Fri, 11/08/2017 - 09:43
Added in reply to request by Kozhakmet Nurai
Korean

As If It's Your Last (마지막처럼)

videoem: 
Please help to translate "As If It's Your Last (마지막처럼)"
Comments
Miley_Lovato    Sat, 12/08/2017 - 07:51

The source lyrics have been updated. Please review your translation.