Russland führt einen schändlichen Krieg gegen die Ukraine.     Stehen Sie an der Seite der Ukraine!
  • KeshYou

    Қалай ғана

Teilen
Schriftgröße
Originaltext

Қалай ғана Liedtext

Күн өтеді, биікке тек жет!
Үміт демі, күйіктен күшті еді!
Тәубеңе кел, жақұттай жайна!
Шектен тыс күншілдік кешегі!
 
Кеше кім едің?!
«Тек жетсем» - деп асқарға армандайсың-ау жаным.
Бүгін қандайсың?!
 
Болды қалауың,
Ешкім де білмейді құбылған алау сағым.
Өмірдің заңын.
 
Бүгін бал татқанға, мәңгі массаттанып,
Берілме мақтанға
Шаттанба
 
Бағынан құр қалып,
Біреу жүр ұрланып,
Ештеңе болмайды бір қалып.
 
Қалай ғана,
Оңай ғана,
Арманыңа,
Шыр айнала,
 
«Жете салам» деме, деме, деме, деме
«Кете салам» деме, деме, деме, деме
Өмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де,
Жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де.
 
Абыройдан айырар
Келте тігіп пішкен тон.
Күшпен оң,
Оңалады КешYOU, үштен соң!
 
Білген соны Мендельсон...
Өмір соңы келген соң
Өкіну кеш,
Айта бере-берген соң.
 
Қуансаң бір күн
Жылтыраққа мәз болып алданып, басты шайқар.
Бір күн мұңайтар,
 
Мәңгілік жаздай,
Болмайды ештеңе, біліп қой, бәрі көркем.
Өкінбе ертең.
 
Жаңылмай жүре біл тура жолдарменен
Аямас адассаң,
Бұл өмір.
 
Білмедің, білдің бе?!
Қып-қызыл, күлгін бе?!
Тікені болады гүлдің де.
 
Қалай ғана,
Оңай ғана,
Арманыңа,
Шыр айнала,
 
«Жете салам» деме, деме, деме, деме
«Кете салам» деме, деме, деме, деме
Өмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де,
Жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де.
 
Өмір, бір сәтке болғандай сапалы,
Қалпыңа, қарағым, мұң айтпа қапалы.
Ант беріп, уәдеден тайдырды жан қалайша,
Тау төбеге өрмелеп, пәрменін бүгін алғанша
 
Қалғаныңда оңаша, түйсігіңе қонғанша
Шамы жарық бұл әуеннің жылы лебі жаңаша
Қаңбақша, ұшып-қонып өз тегінен айрылған,
Жанға жылу беретұғын әуен тегі тамаша
 
Кеудеңе төнген уайым, жүдетеді,
Былығы толы көздегеніңе жөнелтеді,
«Заман-ай, көңіл»- демін мазалайды,
Бәсекелік әурелеп, бәйгеге ой тігеді.
 
Үңілтеді, жүректі кірлетеді
Әшекей - кебін, кейпіңе көрік бере-береді
Шыққан ебіл-дебіліңнің сыры матадан әрі
Тәніңнен әрі, рух бардың дерегі...
 
Қалай ғана,
Оңай ғана,
Арманыңа,
Шыр айнала,
 
«Жете салам» деме, деме, деме, деме
«Кете салам» деме, деме, деме, деме
Өмір жолы ұзын, қысқа, тар да, кең де,
Жауаптымыз сен де, мен де, сен де, мен де.
 

 

Übersetzungen von „Қалай ғана (Qalaı ...“
Russisch #1, #2
Bitte hilf mit, „Қалай ғана“ zu übersetzen
Kommentare