Advertisements

Please help to translate "Kök Böriler Jırı (Көк бөрілер жыры)"

Kazakh/Romanization/Fonipa/Transliteration
A A

Kök Böriler Jırı (Көк бөрілер жыры)

Қасқырдың апанынан шұбартып
Қорғасын оқ жарадан қан шығарды,
Құртқаның кеудесінен жан шығарды.
Енесі өліп жатыр,
Бөлтіріктер сорып жатыр
Сүт пен қан араласқан тамшыларды.
 
Емген кімдер өліп жатқан анасын,
Жалаған кім қан шұбырған жарасын.
Ой мына біз боз даланың бөрісі –
Бостандықтың білетұғын бағасын.
 
Арғы атамыз аңыздағы көк бөрі,
Ар-намыстан жаратылған текті еді.
Біз қасқырмыз жолдасына қас қылмас,
Сатқындықты жек көреміз өйткені.
 
Біз көкжалмыз, бөріміз!
Зерек құлақ серіміз!
Біз арланбыз, сырттанбыз!
Қасқыр деген жұрттанбыз!
Біріктірді жетімдік, бірге өсіп жетілдік,
Көк бөрінің сертімен бір болуға бекіндік.
Жасқанбаймыз жау оғымен атқанда,
Бетімізден қайтара алмас қақпан да.
«Бірлік түбі – тірлік» деумен жетілдік.
Бірлік, бізді сақта осы жалғанда.
 
Арғы атамыз аңыздағы көк бөрі,
Ар-намыстан жаратылған текті еді.
Біз қасқырмыз жолдасына қас қылмас,
Сатқындықты жек көреміз өйткені.
 
Біз көкжалмыз, бөріміз!
Зерек құлақ серіміз!
Біз арланбыз, сырттанбыз!
Қасқыр деген жұрттанбыз!
Біріктірді жетімдік, бірге өсіп жетілдік,
Көк бөрінің сертімен бір болуға бекіндік.
 
Біз көкжалмыз, бөріміз!
Зерек құлақ серіміз!
Біз арланбыз, сырттанбыз!
Қасқыр деген жұрттанбыз!
Айға қарап ұлимыз, көкті медет етеміз.
Қасқыр болып туғанбыз, қасқыр болып өтеміз.
 
Біз көкжалмыз, бөріміз!
Зерек құлақ серіміз!
Біз арланбыз, сырттанбыз!
Қасқыр деген жұрттанбыз!
Біріктірді жетімдік, бірге өсіп жетілдік,
Көк бөрінің сертімен бір болуға бекіндік.
 
Біз көкжалмыз, бөріміз!
Зерек құлақ серіміз!
Біз арланбыз, сырттанбыз!
Қасқыр деген жұрттанбыз!
Айға қарап ұлимыз, көкті медет етеміз.
Қасқыр болып туғанбыз, қасқыр болып өтеміз.
 
More translations of "Kök Böriler Jırı (Көк бөрілер жыры)"
Please help to translate "Kök Böriler Jırı (Көк бөрілер жыры)"
Comments