Russia is waging a disgraceful war on Ukraine.     Stand With Ukraine!
Share
Font size
Translation
Swap languages

Менде басқа жоқ амал

Менде басқа жоқ амал
 
Сөзі: Н. Добронравовтікі
Әні: А. Пахмутованікі
 
Алаңдауменен өтер күн,
Сыбызғы жылап созады ән...
Сүйгенім үшін кешерсің,
Менде басқа жоқ амал.
 
Өкпе мен даудан жасқанбай,
Ұмытып бәрін жүремін.
Махаббат зеңгір аспандай,
Тас емес менің жүрегім.
 
Ауырсаң – келіп саған мен,
Табамын оның бір емін.
Бәрін де жасай алам мен,
Тас емес менің жүрегім.
 
От пенен судан өтсем де,
Ұшамын – айтсаң бір өзің.
Алдасаң кешер деп сенбе,
Тас емес менің жүрегім.
 
Қарашы, жұлдыз тұр жанып,
Ертегіні айтып балама.
Қаталдық құртар бізді анық,
Махаббат ем ғой жараға.
 
Жүрекпен ыстық шарпысам,
Мұзың да еріп жоғалар.
Сүйемін сені әрқашан,
Менде басқа жоқ амал.
 
Аударған Қайырбек Шағыр
 
Original lyrics

Я не могу иначе

Click to see the original lyrics (Russian)

Comments