Advertisement

Please translate Tätti Eles (Тәтті елес)

Kazah

Tätti Eles (Тәтті елес)

Көз алдымда жарқ еткен сол бейнең
Айналып кетті сағымға
Сол бейнеңді қайтадан көрмей мен
Таппайды тағат жанымда
Көрем деген үмітім бекер ме?
Қайтсем де іздеп табайын
Ай сәулесі болсаң сен егер де
Көл бетін түнде қарайын

Жүрегімде жұбаныш тәтті елес
Елестету де бір бақыт
Сол бір сәтке жетпейді сәтті кеш
Өтеді зулап уақыт
Сан қырларға сезімді салған-ай
Ұсынам қашан өзіңе?
Жүрегімнің жарасын тырнамай
Көрінші бір сәт көзіме

Сол бір бейнең естен кетпейді
Жанымда оты қалғасын
Күннің нұры болсаң да көктегі
Жұтар ем нұрын армансыз
Үмітімнің кілті ол тек сенде
Тәтті елесім де сенсің
Мейлі мені көрмей-ақ өтсең де
Мен сені көргім келеді.

Жүрегімде жұбаныш тәтті елес
Елестету де бір бақыт
Сол бір сәтке жетпейді сәтті кеш
Өтеді зулап уақыт
Сан қырларға сезімді салған-ай
Ұсынам қашан өзіңе?
Жүрегімнің жарасын тырнамай
Көрінші бір сәт көзіме

More translations of "Tätti Eles (Тәтті елес)"
Please help to translate "Tätti Eles (Тәтті елес)"
Kazah → OroszАнжела Ли
Hozzászólások