Advertisements

Подмосковные вечера (Podmoskovnyye vechera) (카자흐스탄어 번역)

카자흐스탄어 번역카자흐스탄어
A A

Мәскеу маңындағы кештер

Мәскеу маңындағы кештер
(М. Матусовскийден)
 
Бақтың ішінде жым-жырт тыныштық,
Таңды күтіп қалғып кеткен.
Білсеңіз, шіркін, маған тым ыстық,
Мәскеу маңындағы кештер.
Білсеңіз, шіркін, маған тым ыстық,
Мәскеу маңындағы кештер.
 
Тына қалғандай өзен ағыстан,
Күміс ай сәуле төккенде.
Ән естіледі талып алыстан,
Осынау тымық кештерде.
Ән естіледі талып алыстан,
Осынау тымық кештерде.
 
Салдың ба көздің қиығын маған,
Төмен сап, жаным, жүзіңді?
Айту да қиын, айтпау да саған,
Жүректе жатқан сырымды.
Айту да қиын, айтпау да саған,
Жүректе жатқан сырымды.
 
Бозарып атып қалды-ау таң-дағы,
Өтінішімді сен ескер.
Қалсыншы есте, осы жаздағы
Мәскеу маңындағы кештер.
Қалсыншы есте, осы жаздағы
Мәскеу маңындағы кештер.
 
고마워요!
투고자: КайырбекКайырбек, 水, 12/05/2021 - 14:48

Подмосковные вечера (Podmoskovnyye vechera)

코멘트
КайырбекКайырбек    水, 12/05/2021 - 14:49

Қазақ тіліне аударған Қайырбек Шағыр

Read about music throughout history