7 Rings (Kazak vertaling)

  • Artiest: Ariana Grande
  • Nummer: 7 Rings 45 vertalingen
  • Vertalingen: Albanees, Arabisch, Azeri, Bosnisch, Bulgaars, Duits #1, #2, Fins, Frans #1, #2, Grieks #1, #2, #3, Hebreeuws, Hongaars #1, #2, Italiaans #1, #2, Japans, Kazak, Kroatisch, Nederlands, Oekraïens, Pools, Roemeens #1, #2, #3, #4, #5, Russisch #1, #2, #3, Servisch #1, #2, Spaans, Tsjechisch, Turks #1, #2, #3, #4, #5, #6, #7, #8, #9
  • Verzoeken: Afrikaans
Kazak vertalingKazak
A A

7 сақина

Тиффанидағы таңғы ас, шампан толған бөтелкелер
Жанымда қиындыққа түскенді жақсы көретін, татулары бар қыздар
Кірпіктері, гауһар тастар, банкоматтар
Өзім ұнатқан барлық затты сатып аламын
Мен қаншама жамандықты көрдім, бұл мені қайғырған ақымаққа айналдыруы керек еді
Бұл мені қаһарлы күшке айналдырады деп кім ойлаған?
Мен біреуге ойыншық болғанша, кісенделгенім жақсы
Ал қазір мен чектерімді әндерімді жазғандай жазамын.
 
Білегіме қарауды тоқтат, мойным әшекейлерден жарқырап тұр
Депозиттерім ақшаға толы, ал менің далабым стилімен жыртып тұр
Шашымды ұнатып тұрсың ба? Аа, рахмет, жаңа ғана сатып алдым
Көрем, ұнатам, қалайм, сатып алам
 
Қалайм, сатып алам, қалайм, сатып алам
Қалайм, сатып алам, қалайм, сатып алам
Шашымды ұнатып тұрсың ба? Аа, рахмет, жаңа ғана сатып алдым
Көрем, ұнатам, қалайм, сатып алам
 
Сақиналар тағамын, бірақ ешкімнің әйелі емеспін
Өзімнің 6 қаншығыма (достарыма) сәйкес гауһар тасты сақина алып бердім
Өзімнің достарыма ақша шашқанды жақсы көремін
Шопинг-терапия менің жаңа әдетім сияқты
"Ақша барлық проблемаларыңды шешпейді" деп кезінде айтқан адамның
Оларды шешуге жететін ақшасы болмаған тәрізді
Олар "қайсысы?" деп сұраса "Жо-жоқ, бәрі!" деп жауап қайтарамын
Бақыттың бағасы - қызыл табандар
 
Менің күлкім нұрланған, терім жарқыраған
Оның жарқырап тұрғанын сен көргеніңді білемін
Мен тек гардероб үшін бөлек пәтер сатып алдым
Ерге де, әйелге де жарайды
Себебі, мен қаласам, сатып алам
 
Қалайм, сатып алам, қалайм, сатып алам
Қалайм, сатып алам, қалайм, сатып алам
Шашымды ұнатып тұрсың ба? Аа, рахмет, жаңа ғана сатып алдым
Көрем, ұнатам, қалайм, сатып алам
 
Менің чектерімдегі сандар телефон номері сияқты
Бұл ақша болмаса, қате номерге түсіп кетесің
Қара карта - менің визиткам
Бұл маған өзіндік тон береді
Мен мақтанғым келмейді, бірақ, мен "Барлығын сөмкеме сала сал" дей аламын
Олар менің сөрелерімді көргенде, таң қалғанынан қатып қалады
 
Магазиннен бірден студияға барам
Барлығы бір жазғаннан әдемі шығады, енді сол үшін маған ақша бер
Мән берме, менің өзіндік "Авторитетім" бар
Біз лақтырғанда, доп дөп түседі
Менің мойныма қара, менің ұшағыма қара
Сенің маған мархабат көрсетуге ақшаң жетпейді
Менің түсірілімдерімде бюджетке шек жоқ
Мен ұнатсам, міндетті түрде сатып алам
 
Қалайм, сатып алам, қалайм, сатып алам
Қалайм, сатып алам, қалайм, сатып алам
Шашымды ұнатып тұрсың ба? Аа, рахмет, жаңа ғана сатып алдым.
Көрем, ұнатам, қалайм, сатып алам
 
Toegevoed door Clog MagClog Mag op Do, 08/08/2019 - 07:57
EngelsEngels

7 Rings

Reacties