Gúlsim Myrzabekova - Сырласу (Syrlasu)

Reklamy
kazachski/Romanizacja/Romanizacja 2
A A

Сырласу

Әнімді айтып түнгі аспанға
Жұлдыздармен сырласқанда
Бір бақыттың таңы атқандай
 
Мына жарық ғалам мәңгі
Махаббатпен бар адамды
Бақыт үшін жаратқандай
 
[Қайырмасы:]
Махабатты жалындаған
Тарту етші, Тәңір маған
Жүрегімді жаулайтын
Адалдықтан аумайтын
 
Махабатты жалындаған
Тарту етші, Тәңір маған
Жүрегімді тербейтін
Сезім оты, сезім оты
Мәңгілікке сөнбейтін
 
Куә болсын, далам,ай-күн
Бақыт таңын аралайтын,
Көрсетші жол маған айқын
 
Ақ сезімді аялайтын
Жан жылуын аямайтын
Бір бақыт бер саялайтын
 
[Қайырмасы (×2):]
Махабатты жалындаған
Тарту етші, Тәңір маған
Жүрегімді жаулайтын
Адалдықтан аумайтын
 
Махабатты жалындаған
Тарту етші, Тәңір маған
Жүрегімді тербейтін
Сезім оты, сезім оты
Мәңгілікке сөнбейтін
 
Dzięki!
Udostępniono przez RujixRujix dnia wt., 22/09/2020 - 02:21

 

Reklamy
Nagranie wideo
Moje komentarze
Read about music throughout history