Pomóż przetłumaczyć utwór „Ескі таспа биі (Yeski Taspa Bii')”

Podziel się
Rozmiar czcionki
Oryginalne teksty (piosenek)

Ескі таспа биі

Байланған тілім сөйлемейді,
Айналама неге сенбеймін мен?
Кімге кіммін? Білмеймін, бермейді бір мұң тыным,
Бермейді тыным мұңның үні күні-түні
 
Ескі таспа жиі
жүрегімде ойнауда-
уақыт ескертпейді,
Ескі таспа биі-
көрінуде айнадан,
Уақыт жеткізбейді
сенің алдыңа
 
Сол бір күн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
Сол бір түн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
Сол бір күн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
Сол бір түн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
 
Бейнеленбейтін тұңғиықта
Жетпеймін жауабына бір сұрақтың:
Кімге кіммін? Білмеймін, бермейді бір мұң тыным,
Бермейді тыным мұңның үні күні-түні
 
Ескі таспа жиі
жүрегімде ойнауда,
Уақыт ескертпейді...
Ескі таспа биі
көрінуде айнадан-
уақыт жеткізбейді сенің алдыңа
 
Сол бір күн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
Сол бір түн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
Сол бір күн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
Сол бір түн
(үнің əлі дəрідей-нəрімен емдейді бəрін де)
 
Төгіледі қиял сиямен-ұям мида,
Керегі баяғы "ұяң мен",
Яғни:мен артқа қайтамын-пайда қайда,
Мұнда уақыт пен мен,дайында майдан!
 
Ескі таспа жиі-жиі жүректе ойнап:"менен қашпа!",-дейді
Шаң басқан күйін қарап, іштей күйемін,
бетін сүрткім келеді, бірақ кетпейді күйе!
Енді, неге жүрмін сүйреп бақыттың өлігін?!
Дереу керек маған уақыт көлігі
Сыбыр айқайдан анық, оны байқамай қалдым,
Онда шыншыл көздер, қазір күлкім өзгерді
 
Керек көмек-түнек жүректе,
Тек үндеме, "өткенге" күнде мен өздігіммен енемін,
Менен дем кетеді неге "сен" дегенде тек, а?
 
Translation
 
Zaloguj się lub utwórz konto, aby wysłać tłumaczenie
Tłumaczenia utworu „Ескі таспа биі”
rosyjski #1, #2
turecki #1, #2
Komentarze