• Zhanar Dughalova

    Бір сұрақ

    7 traduções

Compartilhar
Font Size

Letras de Бір сұрақ

Сүймедің бе деп, күймедің бе деп
Күлмедің бе деп, сұрамаймын
Сұрамаймын сенен ұмыттың ба деп мені
Алдадың ба деп, арбадың ба деп
Жалғадың ба деп, сынамаймын
Журегіме жұмбақ мұң қондырмашы
Сағынышқа сөнбейтің, сендейтін
шалдырмашы жаным тек
 
Бір сұрақ,бір ғана сұрақ
Өртеді жанымды қайта-қайта
Жалының оның баса алмадым
Өзімнен өзім қаша алмадым
Қалды тек бір сұрақ,бір ғана сұрақ
Қалдырдың жауабын қайда-қайда?
Тұрсанда қош бол деп өзің
Сүйем дейді неге көзің?
 
Асықтым ғой деп Ғашықпың ғой деп
Жасыттың деп жылай алмаймын
Санамаймын, енді күндерді күтіп сені
Уақытсыз өткен,бақытсыз еткен,
Сезімімді кінәләмаймың
Қоштасудың сағатын создырмашы
Үмітімнің көз жасын бірак та
жазғырмашы жаным тек
 
Бір сұрақ,бір ғана сұрақ
Өртеді жанымды қайта-қайта
Жалының оның баса алмадым
Өзімнен өзім қаша алмадым
Қалды тек бір сұрақ,бір ғана сұрақ
Қалдырдың жауабын қайда-қайда?
Тұрсанда қош бол деп өзін
Сүйем дейді неге көзің?
 

 

Traduções de "Бір сұрақ (Bir ..."
Inglês #1, #2
Comentários
batur22batur22    Domingo, 25/09/2016 - 20:40

The original and transliterated lyrics don't seem completely correct. Can it be checked again?