Serjanali Alibek - Ана (Ana)

Реклама
Казахский/Латинизация/Fonipa/Транслитерация/Транслитерация 2
A A

Ана (Ana)

Ағарған самай шашыңнан
Алдыңда ана бас ұрдым
Бөпеңнің тербеп бесігін
Әкемнің даңқын асырдың
Елеусіз емес ешбірдің
Кем қылмай елден өсірдің
Жақсымыз болса жар салып
Қатеміз болса кешірдің
 
Қашанда балаң қарыздар саған
Жер бетіндегі ең сұлу адам
Ол менің анам
 
Ботам деп әркез үн каткан
Көтерген жүгі мың батпан
Алтыннан биік қадірің
Өсірген мені құндақтап
Көздерін ашқан бұлақтың
Сәулесі сөнбес шырақтың
Жайқалып ана жүре бер,
Есігі сенсің жұмақтың
 
Қашанда балаң қарыздар саған
Жер бетіндегі ең сұлу адам
Ол менің анам
Қашанда балаң қарыздар саған
Жер бетіндегі ең сұлу адам
Ол менің анам
Пейілің дана..й
Көңілің бала
Жер бетіндегі ең сұлу ана
Ол менің анам
 
Добавлено ГостьГость в пн, 17/12/2018 - 00:43
Спасибо!поблагодарили 6 раз

 

Реклама
Видео
Комментарии