Молимо, помозите овом преводу: "Бұл соңы емес (Bul Soni Yemes)"

Објави
Величина фонта
Оригинални текстови

Бұл соңы емес

Тамшылады тез, салқындады дем,
Мұңлы жүрекке табылмады ем
 
Көздерімді жап, көргім келмейді
Қатыгез ғалам, мені сезбейді.
Жүрегімді ұста, кеудем мүлде тар
Қысылып барам жара мұңында ал
Қалайша адам бұлай төзімді?
Жаным шашырап жерге езілді.
 
Ұрланып қара, бола алмайды тек
Жылады аспан, жылады әлем ·
Қалдырған маған бақытты алып кел
Қолымды созам маған жарық бер...
Жарық бер...
 
Күнделікті бір күн қайталана береді ме?
Неге шарасыз қалдырады тағдыр мені күнде?
Жабық жолдар есік таппадым, қараңғы қамал, лабиринт
Бұл кімнен келген зауал?*
 
Эй, жарық бер маған тыным тауып бер
Естиді ме мені, естиді ме мені?
Ауасы жоқ, тарылып тұңшығудамын
Жүректі шүберекпен сүртсем де, тікенектерінен құтылмадым мен.
 
Жоқ, енді керек емес, мені сынағандарынның шегі де жетті
Жаман арам елес түсіме кірді де қиратып жанымның төсіне тепті,
Дәлме дәл солай өңімде қайталанады деп қорықпасам да өлемін*?!
Соңында төмеңгі тереңдікте топырақпен теңдесем!
 
Кінәлама мені жай адаммың
Кінәлама өзім жауап беремін
Қабылдамадым мен керексіз өмірді
Сонда да дірілдеп жатыр денем
Көзім ақты көре алмады , алынбайтындай белес
Бірақ біреу сыбырлайды "Бұл әлі соңы емес"!
 
Жүрегімді ұста, кеудем мүлде тар,
Қысылып барам жара мұңымды ал
Қалайша адам бұлай төзімді?
Жаным шашырап жерге езілді.
 
Ұрланып қара, бола алмайды тек
Жылады аспан, жылады әлем
Қалдырған маған бақытты алып кел
Қолымды созам маған жарық бер...
Жарық бер...
 
Құстар тез қайта оралад
Тоқтат, сенде бәрі оңалады,
"Бұл соңы емес" өз өзіме айтам
Бұл соңы емес, енді бәрін қайтар. (x2)
 
Translation
 
Пријавите се или се региструјте да бисте могли објавити превод
Преводи за "Бұл соңы емес"
Коментари