lütfen "Алло (Allo)" çevirisine yardım edin

Paylaşmak
Yazı tipi boyutu
Orijinal şarkı sözleri

Алло

- Алло.
- Алло. Бұл кім?
- Кімді іздедің?
- Таныдың ба?
- Жұлдыз ба едің?
- Иə, сенің жұлдызыңмын.
Жан ашпаған сырды іздедім.
- Кешіріңіз! Кім едіңіз?
- Бір сұлудың тірегіміз.
Əзір бойдақ, басымыз бос...
- Бос орынға гүл егіңіз!
 
- Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
Сөйлейді солай неге қыз?
Қырық үйден қарауыл болса,
Қасыңа қалай келеміз?
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.
 
- Ой-ой-ой, жігітім, олай демеңіз,
Қалай біз оңай көнеміз?
Бағамды біл, бағалай алсаң,
Бағыңа қарай көреміз.
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.
 
- Нешеде еді, шын жасыңыз?
Сұлулардың сырласымыз.
- Қыздың жасын сұрамайды.
- Қай жылғы еді құрдасыңыз?
- Құрдастарым келсе жүзге,
Менің жасым – он сегізде.
- Сізді сондай көргім кеп тұр,
Сенбесеңіз, сенсеңіз де,
 
- Жоқ-жоқ-жоқ, жігітім, олай демеңіз,
Қалай біз оңай көнеміз?
Бағамды біл, бағалай алсаң,
Бағыңа қарай көреміз.
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.
 
- Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
Сөйлейді солай неге қыз?
Қырық үйден қарауыл болса,
Қасыңа қалай келеміз?
Кел, сырласайық,
Кел, сырласайық,
Қосылған солай көп егіз.
Аллоо-о-о-о.
Аллоо-о-о-о.
 
Translation
 
Çeviri yapmak için giriş yapın ya da kaydolun
Yorumlar