✕
الكازخستانية
الترجمة
الأصلي
Ай астындағы түн
كلمات الاغنية (الكورية)
Жарық жұлдыздар жарқырайды,
Бірақ, сен оны қайдан іздедің?
Менің ойымша, бұл жақын арада ғайып болады.
Жүрегімдегі қараңғылықты жою үшін жарықты қос,
Бүгінгі көңілім қара түнектей.
Сенің ойларың менің сырт келбетіме сай келмеді,
Осы уақытқа дейін нені сағынып үлгердің?
Біздің қалағанымыздай жұлдыздар көбейіп келеді,
Бірақ мен әлі олар туралы ештеңе білмеймін.
Біздің естеліктер тұманда жасырынғандай,
Мен сен ойлаған түнді түсіне алмадым.
Жарық жұлдыздар жарқырайды,
Бірақ, сен оны қайдан іздедің?
Менің ойымша, бұл жақын арада ғайып болады.
Күту уақытынан кейін
Мен сені жібердім,
Түнде өз бөлмемде жалғыз қалғым келеді.
Түнде әуеде қалықтаймыз,
Ай аспанындағы түндегідей
Түсімде сен кездестің.
Сезімімді саған жеткізейін,
Мен терезеден сені атыңмен шақыруды жалғастырудамын.
Сондықтан бұл түнде менімен бірге
Болғанынды қалаймын.
Жарық жұлдыздар жарқырайды,
Бірақ, сен оны қайдан іздедің?
Менің ойымша, бұл жақын арада ғайып болады.
Күту уақытынан кейін
Мен сені жібердім,
Түнде өз бөлмемде жалғыз қалғым келеді.
Саған қарай жақындауға сенімдімін.
Мен қымсынбаймын, бірақ сен
Ешқашан менің жүрегімді көре алмайсың.
Күндер өтіп жатыр,
Ал сен қайта кеттің?
Мен сенің артыңнан барғым келеді,
Біз күткен сәттер, бүгін аяқталады.
Бұл сенің артыңнан ерген түн,
Сен қайта көргің келетін түн болады.
Түнде әуеде қалықтаймыз,
Ай аспанындағы түндегідей
Түсімде сен кездестің.
| شكراً! ❤ thanked 4 times |
| You can thank submitter by pressing this button |
Thanks Details:
| المستخدم | في وقت مضى |
|---|---|
| ضيف | 6 years 11 months |
Guests thanked 3 times
تم نشره بواسطة
miss X في 2018-08-17
miss X في 2018-08-17✕
ترجمة اسم الأغنية
الكازخستانية
التعليقات
- قم بالدخول أو التسجيل لإضافة تعليق
Russia is waging a disgraceful war on Ukraine. قف مع أوكرانيا!
كيف يمكنك دعم أوكرانيا 🇺🇦 ❤️