✕
カザフ語
翻訳
オリジナル
Мүмкін
元の歌詞を見るにはここをクリック (日本語)
Тіпті көз жасын да жібермей,
Өткен күндердің ізін де қалдырмай,
Біз қоштастық.
Жалғыздықта қарсы алған таңда
Естіледі біреудің үні
Бірге уақыт өткізген осы бөлмеде
Ойланамын көзімді жұмып мен -
Бұған кім кінәлі?
Біле алар емеспін.
Ешкім күнәлі емес.
Мүмкін.
Қанша рет болса да, мен сенімдімін,
Иә, қанша жыл өтсе де, мен сенімдімін,
Мұның бәрін «қош бол» деп аяқтар едік.
Басқа жол жоқ екеніне сенімдімін.
「Қош келдің」
Ойланбастан айтылған бұл сөздер,
Қате болғаны сөзсіз.
Жалғыздықта қарсы алған таңда
Кенеттен есіме түсесің.
Екеуміз бірге өткізген қарапайым күндер
Есімде анық болып қалған.
Бұл сенің кесірінен.
Әлде олай емес пе?
Бұл менің кесірімнен.
Мүмкін.
Бұл әдеттегі махаббат оқиясы емес пе?
Осы сенің соңғы сөздерін емес пе?
Алыстап кеттік ақырындап екеуміз.
Бұл да біз естуден шаршаған қарапайым әңгіме.
Осыншама жарқыраған күндердің үстіне
Тоқтамастан шан басылып жатыр.
Қанша рет болса да, мен сенімдімін,
Иә, қанша жыл өтсе де, мен сенімдімін,
Біз қоштасуға апаратын жолмен жүреміз.
Басқа жол жоқ екеніне сенімдімін.
「Қош келдің」
Әдеттегідей
бұл сөздер қайта айтылды.
Арамызда түсінеспеушілік,
Сансыз рет болғанына күмәнім жоқ.
Бір-бірімізді кешіре алмаған соң,
Бірге болған уақыт жай болғаны мейірімге толы күндер сияқты.
Егер ол күндер саған ауыр болып саналса
Қайта орала алмаймыз.
Қанша рет болса да, мен сенімдімін,
Қанша рет болса да, мен сенімдімін,
Иә, қанша жыл өтсе де, мен сенімдімін,
Біз қоштасуға апаратын жолмен жүреміз.
Басқа жол жоқ екеніне сенімдімін.
「Қош келдің」
Ойланбастан айтылған бұл сөздер,
Қате болғаны сөзсіз.
Дегенменде, қанша рет болса да, мен сенімдімін,
Иә, қанша жыл өтсе де, мен сенімдімін,
"Егер біз басына қайта оралсақ" деп
Мен бейсаналы түрде ойлаймын,
「Қош келдің」
Саған жетпей төгілген бұл сөздерге
Күлімдедің.
Таң болса сәл салқын.
| ありがとう! ❤ thanked 3 times |
| You can thank submitter by pressing this button |
2022-03-19に
bruceme さんによって投稿されました。
bruceme さんによって投稿されました。日本語
オリジナル歌詞
たぶん
元の歌詞を見るにはここをクリック (日本語)
| ありがとう! ❤ thanked 5 times |
| You can thank the subtitles submitter by pressing this button |
✕
Play video with subtitles
| ありがとう! ❤ thanked 5 times |
| You can thank the subtitles submitter by pressing this button |
"たぶん (Tabun)"の翻訳
カザフ語
コメント
Russia is waging a disgraceful war on Ukraine. ウクライナとともに立ち上がれ!
ウクライナをどのように支援できるか 🇺🇦 ❤️