• Asha Matay

    Жараламағын

Објави
Font Size
Бақытым болып жолыққан маған
Күн сайын саған жақындап барам
Сенің көзің мен үшін бір бөлек ғалам
 
Жұлдыздай жарық жанамын жаным
Сен болсаң мәңгі менің жанымда
Қайда болсамда жанындамын
Жанындамын сенің жанында
 
Аялы әнім сен деп білемін
Аялағаным сен деп білемін
Аңсаған асыл арманым едің
Таңдауым менің
 
Жаныммен сүйіп бағалағанын
Сезімімді сен бағала жаным
Өзіңді сүйген жүректі жараламағын
 
Жүректің әнің сен үшін салам
Өмірдің нәрін өзіңен алам
Бар әлемнен сендей жанды қайдан табам
 
Себебі сенсің сағынышымның
Өзіңдей ешкім табылмас
Қайда болсамда жанындамын
Жанындамын сенің жанында
 
Аялы әнім сен деп білемін
Аялағаным сен деп білемін
Аңсаған асыл арманым едің
Таңдауым менің
 
Жаныммен сүйіп бағалағанын
Сезімімді сен бағала жаным
Өзіңді сүйген жүректі жараламағын
 
Аялы әнім сен деп білемін
Аялағаным сен деп білемін
Аңсаған асыл арманым едің
Таңдауым менің
 
Жаныммен сүйіп бағалағанын
Сезімімді сен бағала жаным
Өзіңді сүйген жүректі жараламағын
 

 

Коментари