• Kuandyk Rakhym

    Мен қазақпын

Share
Font size
Original lyrics

Мен қазақпын lyrics

Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем.
Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда,
Аламанда ат оздырмай кетер ем.
 
Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Өкінішпен өртенер ем өте мен.
Қасиетті домбыраны қолға алмай,
Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем.
 
Мен қазақпын, бойымдағы қан - қазақ,
Мен қазақпын, мен шырқайтын ән - қазақ.
Бір қазақтың бақыты мен бағына
Бар жанымен қуанса екен бар қазақ.
 
Мен қазақпын, түрім - қазақ, тіл - қазақ,
Мен қазақпын, мен айтатын жыр - қазақ.
Сүйеу болсын, тіреу болсын мың қазақ
Сүрінгенде, бүлінгенде бір қазақ.
 
Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Қалай басқа байрақтарды көтерем?
Жеті бірдей қазынамнан айрылып,
Жеті атамды жаттай алмай кетер ем.
 
Қазақ болып тумағанда, не етер ем?
Қонақжайлық жайын білмей өтер ем.
Қымыз, шұбат, қазы-қарта, құрт-майсыз
Қадір қашып, қарным ашып өтер ем.
 

 

Translations of "Мен қазақпын (Men ..."
Kuandyk Rakhym: Top 3
Comments