✕
Kazako
Traduzione
Originale
Ғарыш
Clicca per vedere il testo originale (Russo)
[Скриптонит]
Сенен махаббат иісі аңқиды,
Сен – бір көргендегі ессіздіксің.
Сенен шоколад аңқиды. Гүлдер иісіндейсің.
Бастан-аяқ орындалған армандар аңқиды үстіңнен,
Құмарлық аңқиды – таза жабайы құмарлық.
Бірақ иісің сенің – он алтыдағыдай. Алғашқы кездесу секілдісің.
Иісің масайратады.
Естен кеспес сауық-сайран аңқиды үстіңнен.
Есірткі аңқиды, кило аңқиды – ең асыл сұрпысың.
Сенен жеңіс аңқиды, мақтаныш. Ақша аңқиды.
Сен қақпай кіресің есікті.
Сенбесең болады, бірақ сенен бензин аңқиды.
Ескі мериндей мені өртей аласың.
Атмосферамсың, ауамсың.
Жылы киініп тұрсаң да үстіңнен жалаңдық аңқиды.
Ғаламшардай аңқисың.
Ғарыштай аңқисың.
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге ме екен?
Сен ғарышқа, мен ғарышқа, мәңгіге ме екен?
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге
Сен ғарышқа, мен ғарышқа, мәңгіге ме екен?
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге.
Сен ғарышқа, мен ғарышқа, мәңгіге ме екен?
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге
Мен ғарышқа, мен ғарышқа.
Казино секілдісің,
Қарызға батсам да, мас күйде жеңіле берем.
Кинодағыдайсың. Рояль сияқтысың, бірақ минорда ойнағым келмейді. Ең қатты күзетілетін банксың, өмірім маған: "Тона оны, миллиондап!
Жоқ, әлемнің бүкіл миллионына!", - дейді.
Сен тұнып тұрған рақатсың. Папирасың.
Үздік зергерлер жасаған бұйымсың,
Мартино секілді тас-талқанымды шығарасың.
Чарт секілдісің – мені биікке көтересің.
Джекпот! Джекпот! Сен жетістік секілдісің.
Радиотолқындар ішіндегі 808-сің.
Ауызға атылған оқ, былғары мен жүн киген хедшот секілдісің.
Тартыстардың ең жабайысы – сен!
Сен – іңкәрсің, бұл секстен үлкен.
Сен – өлеңсің, ең хит әннің мәтінісің.
Полюс секілдісің.
Эверестен де биіксің.
Сен тұнып тұрған ғарышсың, ал бұл көктен биік.
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге ме екен?
Сен ғарышқа, мен ғарышқа, мәңгіге ме екен?
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге
Сен ғарышқа, мен ғарышқа, мәңгіге ме екен?
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге.
Сен ғарышқа, мен ғарышқа, мәңгіге ме екен?
Мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге, мәңгіге
Мен ғарышқа, мен ғарышқа.
| Grazie! ❤ ringraziato 2 volte |
| Puoi ringraziare l’utente premendo questo tasto |
Dettagli ringraziamenti:
Gli ospiti hanno ringraziato 2 volte
Pubblicato da
jaskayrat 2021-05-13
✕
Commenti
- Accedi o registrati per inviare commenti
өте поэзиялық әндердің бірі.