• Aiqyn Tolepbergen

    Сені сағындым

Paylaş
Font Size
Түсінбесең де сырын жанымның
Құлазып жиі сені сағындым
Болсыншы деп ем
Гүлі бағымның
Шолпаны жалғыз атар танымның
Неліктен тосын серттен жаңылдың
Ақ ұрып жиі сені сағындым
Болар-ау деп ем гүлі бағымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
 
Деуші едің ғой сенің пәгіңмін
Өкініш өртеп сені сағындым
Атыра алмай таң түндер сабылдым
Жарығы сөніп үміт шамымның
Кімдер сыйлаған сырға тағындың
Қызғаныш лаулап сені сағындым
Жалғыз құлазып жүрмін жанымның
Болшы нұры сен атар таңымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
 
Сағыныш деген ғажап сағымның
Еркіме бойлап сені сағындым
Келтірер сенсіз өмір мәнін кім?
Тынысы екенсін менің жанымның
Күтумен сені ұзақ сарылдым
Сабырым жеңіп сені сағындым
Атар таңыңмын, сенің бағыңмын
Жылыншы келіп, Өртпін жалынмын
 
Деуші едің ғой сенің Пәгіңмін
Өкініш өртеп сені сағындым
Атыра алмай таң түнде сабылдым
Жарығы сөніп үміт шамымның
Кімдер сыйлаған сырға тағындың
Қызғаныш лаулап сені сағындым
Жалғыз құлазып жүрмін жанымның
Болшы нұры сен атар таңымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
 

 

Çeviriler

Yorumlar