• KeshYou

    Туған жер тағдырым

Paylaş
Font Size
Туған жерім - тұғырлы өлкем,
Тәй-тәй қадам басқан жерім.
Өзіңде өткен ғұмыр көркем,
Ай-хай далам, асқар белім.
 
Туған жерім, мөлдірейді-ау,
Жанарымда аспан-көгін.
Жан-жүрегім елжірейді-ау,
Естен кетпей жас-дәуренім.
 
Туған жер, туған ел - айбыным!
Гәккулі, аққулы айдыным!
Жақұтым, бақытым - байлығым сен!
 
Туған жер, туған ел - тағдырым,
Сен барда жалғанда бар құным.
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!
 
Жақұтым, бақытым - байлығым сен!
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!
 
Туған жерім, сен - ұлысың!
Баба мұра бақ-несібім!
Саған деген сағынышым,
Жүрегімнің қақты есігін.
 
Туған жерім сыйың бөлек,
Алтын ұя, ақ бесігім.
Сені мәңгі сүю керек,
Сүймегенге жоқ кешірім!
 
Туған жер, туған ел - айбыным!
Гәккулі, аққулы айдыным!
Жақұтым, бақытым - байлығым сен!
 
Туған жер, туған ел - тағдырым,
Сен барда жалғанда бар құным.
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!
 
Жақұтым, бақытым - байлығым сен!
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!
 
Туған жер, туған ел - айбыным!
Гәккулі, аққулы айдыным!
Жақұтым, бақытым - байлығым сен!
 
Туған жер, туған ел - тағдырым,
Сен барда жалғанда бар құным.
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!
 
Жақұтым, бақытым - байлығым сен!
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!
 
Туған жерім...
 

 

Yorumlar