• A.Z

    O.you (Dombra vibes) • Ою6 translations

    Also performed by: Ninety One
Favorites
Share
Font Size
Original lyrics
6 translations

O.you (Dombra vibes) lyrics

Hi, мен біртүрлі, біртүрлімін,
Мені түсінбей қанша айттың түр-түрлі мін (ммм)
Күлдірттің деймін, күлдірттің
Ал менің сахнам астымнан гүрілдеп тұр (prr)
Не боп кетті мына арада? (Aaa)
Мына арада???
Кеше ғана мамам айтты: "Айналаңа қарама, тек бас алға", - деді.
Мен: "ОК!", - дедім
Сосын, жайлап ми арқылы өз-өзіме тоқ бердім
(Ааа) ал енді айналаны түйіндейк,
Қазіргі күйім тура Құрмағазының күйіндей,
Өнер жібермейді, сахнам бір менің үйімдей
Бірақ, мeн қазір кешке қызыма барып, оған сүйемін деймін ба не? (жоқ, жоқ, жоқ, жоқ!)
Айналаның бәрі мультфильм
Сен естіп тұрып, түсінбей тұрсаң сені түртпеймін (boo)
Кептеліс, бітпейтін бір, бәрінде бір: "кептеліс"
Жүрем дейтiндер болса, жолдар бар негiзi теп-тегiс
 
Үсті-басым ою-ою!
Үсті басым ою!
Oйым: "артта қалған іздерімдi жою"
Oйын сияқты айналам: тұман қою-қою
Aртымнан қалмай келеді
 
Үсті-басым ою-ою!
Үсті басым ою!
Oйым: "артта қалған іздерімдi жою"
Oйын сияқты айналам: тұман қою-қою
Aртымнан қалмай келеді
 
Oңай емес, таңдаған жолым қиын-қиын-қиын
Жүрген сайын шытырлайды қалтамдағы тиын-тиын
Мына шыршаның шыңындағы жұлдыз жылтырлап,
Шағылысып көзге түссе де, дым қызыктырмайды.
Түнде сенің түсіңе кірем де, iстеп кетемін,
Өзімдікін істеп кетемін, кетпеу үшін істер текке
Далада қар, күн суық, сұр бұлтты аспан
Мен үйге келгенше, бөтен біреуге құлыпты ашпа
Қорадағы ешкілер әне, іздеу үстінде лақтарын,
Аққулар андып тұр біреудің тығып кеткен заттарын
Балалар бақытты, тойып алып мультфильмге
Бүткіл телекті өшіріп тастайтын пульт кімде деймін(е)?
 
Үсті-басым ою-ою!
Үсті басым ою!
Oйым: "артта қалған іздерімдi жою"
Oйын сияқты айналам: тұман қою-қою
Aртымнан қалмай келеді
 
Үсті-басым ою-ою!
Үсті басым ою!
Oйым: "артта қалған іздерімдi жою"
Oйын сияқты айналам: тұман қою-қою
Aртымнан қалмай келеді
 
Домбыраның әні
 

 

Translations of "O.you (Dombra vibes)"
Comments
Don JuanDon Juan
   Thu, 04/01/2024 - 19:03

Lyrics have been updated per request.