Condividi
Sottotitoli
Font Size
Kazako
Traduzione

Бәрі тым жақсы (10 минуттық нұсқасы)

Есіктен бірге кірдік, ауа салқын болды,
Бірақ бір нәрсе үй жылуын сездіргендей болды
Сол кезде орамалымды апайыңның үйінде қалдырып кетіп едім,
Оны әлі де тартпаңда сақтайсың
 
Сенің тәтті мінезің мен аңғал жанарым.
Көліктің ішінде ән айтып, қаладан алыста адасып жүрміз.
Күзгі жапырақтар жерге өз тетігін тауып түсіп жатыр.
Қанша күн өтсе де, бұның бәрі көз алдыма анық келеді.
 
Бәрі баяғыда өтті де кетті, білемін,
Сол кезгі ғажап та жоғалды,
Менің жағдайым да тәуір, бірақ мүлде жақсы емес.
 
Қаланың сол кішкентай көшесінде тұрмыз,
Қызылға жүріп кете жаздадың, себебі менен көз алмадың.
Шашымды жел ұшырып, сонда тұрдым
Бәрі тым жақсы есімде.
 
Үстелде фотоальбом жатыр, ал сен болсаң қызарып тұрсың.
Қос төсектегі көзілдірік киген кіп-кішкентай бала болыпсың ғой.
Анаң сен қатысқан бейсбол командасы жайлы айтып отыр.
Болашағың мен деп сеніп, маған өткеніңді жайып салдың.
 
Маған көліктің кілтін лақтырдың.
"Патриархаты құрысын"
Деген жазуы бпр кілттің әшекейі жерге құлады.
Әрқашан ешкімге айтпай алысқа кетіп қалушы едік.
Көліктің ішінде кетіп бара жатып,
"Міне, қазір, арамыздағы дүние - махаббат" деп айтады деп күттім,
Бірақ ешқашан мұны өз атымен атамадың
 
Біз өліп 1, жоғалып, жерленген соң ғана қайта келіп, сүйемін дейсің.
Енді қабірде 3 ай жатсақ та,
"Бәрі бұрыңғыдай" деп ант су ішіп, тамыр соғысын қайта-қайта келіп тексересің
Сосын маған қол созсаң да, сезімдер қайда кетті деп таң қаласың.
Бірақ менің сезгенім тек ұят болды,
Ал сен жансыз денемді ғана ұстадың.
 
Бәрі баяғыда өтті де кетті, білемін,
Енді еш нәрсе қолдан келмес.
Сені ұмытқаныма сонша көп уақыт болғаны,
Сені не үшін керек қылғанымды да ұмыттым.
 
Сол түні бірге болдық,
Ас үйде тоңазытқыштың жарығында билеп жүрміз,
Төменгі қабатта, сонда тұрдым,
Бәрі тым жақсы есімде.
 
Оңаша тұрмыз,
Сен мені құпиядай, ал мен сені анттай сақтадым,
Қасиетті дұғадай сақтадым, біз бәрін есте сақтауға ант бердік емес пе
 
Мүмкін бір-бірімізді түсіне алмадық,
Мүмкін мен сенен тым көпті сұрадым,
Бірақ мүмкін бұл жауһар болды ма,
Ал сен оны жойдың.
Үрейленіп жүгіріп, сонда тұрдым,
Соның бәрі тым жақсы есімде.
Ал сен маған қайта қоңырау шалдың да,
Қалай антыңды бұзсаң, тура солай жан дүниемнің тас-талқанын шығардың.
Шындықты айтам деп ақталып, сондай қатігез болдың,
Ал мен болсам жерде жатқан умаждалған қағаздай сезіндім.
Өйткені бәрі, бәрі, бәрі есімде.
 
Арты қайырлының бәрі жақсы дейді,
Бірақ сен есіме түскен сайын,
Жаңа тозаққа түскендей боламын.
Жас арамыз жақын болса,
Бәрі де жақсы болар ма еді дедің
Бұл сөзіңнен тек өле салғым келді.
Мені кім деп елестеттің?
Еш қылығы жоқ, әрдайым мейірімді, саған жарасқан әшекей деп пе едің?
Бір кеште жылап отырғанымда,
Бір актер не болғанын сұрады:
Сен, сен басыма тап болдың, сен.
Сен, кешкі шоуда отырғандай кофеңді сораптап,
Әкемді өзің жайлы әзілдеріңмен баурап алдың.
Міне, сосын ол сені есік алдында түні бойы күткеніме қарады да
"21-ге толу көңілді өту керек емес пе" деді
 
Уақыт зымырап өтпейді, бір орында тоқтап қалғандай.
Өз қалпыма келгім келеді, бірақ оны таба алмастаймын.
Сендік болған күндер мен түндерден кейін,
Заттарымды маған поштамен жібересің, ал мен үйге жалғыз қайтып барам.
Бірақ менің ескі орамалымды әлі сақтап келесің
Өйткені ол пәктікті еске салады, өйткені одан менің иісім шығады
Оны лақтыра алмайсың
Себебі бәрі тым жақсы есіңде
 
Себебі мен сені сүйгенде,
Сен білген жалғыз адал нәрсені жоғалтқанға дейін, сонда тұрдық
Бұл ғажап еді, сонда тұрдым
Соның бәрі тым жақсы есімде
 
Шашымды жел ұшырды, сонда ​тұрдың
Бәрі есіңде
Төменгі қабатта, сонда тұрдың
Бәрі есіңде
Бұл ғажап еді, сонда тұрдым
Оның бәрі тым жақсы есімде
 
Мен негізі әзіл айтуға шебер емеспін
Бірақ қалжыңымның күлетін жері:
«Мен жылдан жылға қартайсам да, сенің ғашықтарың әлі менімен жасты»
Бруклинің сүйектерімді сындырған кезден бастап
Мен соғыстан жүрелеп қайтқан жауынгермін.
Сезімдердің оты2 сені де көгертті ме? 3
Арамызда қалсын, шыныңды айтшы, махаббат сені де мертіктірді ме?
Өйткені қаланың аязында
Алғашқы қар жауғаны әлі есімде.
Жерде жарқырап жатты,
Оның бәрі тым жақсы есімде.
 
Арамызда қалсын, айтшы, махаббат сені де мертіктірді ме?
Арамызда қалсын, айтшы, бәрі тым жақсы есіңде ме?
(Арамызда қалады)
Арамызда қалсыншы, бәрі тым жақсы есімде
(Арамызда қалсыншы)
 
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл ғажап еді, бәрі тым жақсы есіңде)
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл ғажап еді, бәрі тым жақсы есіңде)
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл ғажап еді, бәрі есіңде)
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл ғажап еді, бәрі есіңде)
 
  • 1. Айырылысқа теңеу
  • 2. Түпнұсқада "twin flame": өте жақын екі адамның арасындағы байланыс, тікелей аударғанда егіз жалын.
  • 3. Түпнұсқада өте күрделі, аударуға келмейтін сөйлем қолданылады, тура аударғанда: "егіз жалынның көгерткені сені де көкке бояды ма?", мұндағы көк - ағылшын тіліндегі қайғы, мұңды білдіретін кең таралған идиома
Inglese
Testi originali

All Too Well (10-Minute Version)

Clicca per vedere il testo originale (Inglese)

Riproduci il video con i sottotitoli
Riproduci il video con i sottotitoli
Commenti