✕
Album:
SOUR
Originele teksten
Vertaling
happier
бақыттырақ
Біз бір ай бұрын айрылыстық
Достарың менімен де дос
Сенің алға жылжып кеткеніңді мен де, сен де білеміз
Жаңа біреуді тауыпсың
Сенің бойыңдағы бар жақсылықты ашатын тағы бір қыз
Өткен күннің сәулесінен
Менің жүрегім алыстап бара жатыр ма деймін
Бірақ ол 1 сондай жарқын
Ол сондай сұлу
Онымен жүргенің - мені ұмытқаның ба?
Бақытты болшы
Бірақ менімен бірге болғандағыдай емес
Өзімшілмін, білемін
Бірақ сені қимаймын
Өзіңе керемет жанды тап, бірақ менен асқанды емес
Бақытты бол, бірақ бақыттырақ емес
Сен оған "мен көрген ең керім қызсың" деп айтасың ғой?
Ескірмейтін махаббат жайлы бос сөзіңді, жалған екенін біле тұра, айтасың ғой?
Сол сөздеріңе мен сенгенім есіңде ме?
Алғаш рет айтқаныңда бұл шындық деп едім
Ол қызды жамандап отырмын
Бірақ қанша жамандасам да, сен менің сорлы жүрегімді сағынбассың
Бірақ ол сондай сұлу
Ажары жылы
Оны көргенде жан-тәнің шымырлайтын шығар
Бақытты болшы
Бірақ менімен бірге болғандағыдай емес
Өзімшілмін, білемін
Бірақ сені қимаймын
Өзіңе керемет жанды тап, бірақ менен асқанды емес
Бақытты болшы
Мен саған барлық игіні тілеймін
Шынымен де
Оны сүй
Бірақ мені сүйгендей емес
Оны құшақтағанда, мені емірене есіңе ал
Бақытты бол
Бірақ бақыттырақ емес
Бақытты болшы
Бірақ менімен бірге болғандағыдай емес
Өзімшілмін, білемін
Бірақ сені қимаймын
Өзіңе керемет жанды тап, бірақ менен асқанды емес
Бақытты бол, бірақ бақыттырақ емес
- 1. Жаңа тапқан қызы
Je kunt de indiener bedanken met deze knop.
ingediend op 18 aug 2021 - 12:02
✕
Log in of registreer je om een reactie te plaatsen.





